Арина Алтухова нысана көздеуден ӘК кезеңінде медальға қол созым жерден тоқтады

Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілі Арина Алтухова Нью-Делиде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде медальға қол созым жерден тоқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогі кезеңінде пневматикалық мылтық атудан (50 метр, үш позиция) төртінші орынға тұрақтады.

Жарыс нәтижесі бойынша словениялық Зива Дворсак алтыннан алқа тақты. Екінші орын швейцариялық Нина Кристинге бұйырды. Үздік үштікті Польша өкілі Анета Станкевич қорытындылады. Осы санат бойынша ерлер арасында Юрий Юрков жиырмасыншы болды.