«Реал» капитаны «Манчестер Юнайтедке» ауысады

«Реал Мадрид» футбол клубының капитаны Серхио Рамос мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік клуб Рамоспен жаңа келісімшарт жасауға ниетті. Бірақ 35 жастағы қорғаушыға тек 1 жылға жарамды келісімшарт ұсынғысы келеді. Оның үстіне жалақысын да төмендетуді сұрап отыр. Ал Рамос клубтың бұл ұсынысын қабыл алмайтын секілді.

Сол үшін Рамос 16 жыл өнер көрсеткен мадридтік клубтан кетуі мүмкін. Ал оны қатарға қосуға құлшынып отырған командалар арасында «Манчестер Юнайтед» те бар.

Англиялық клуб Испания құрамасының капитанына ойындағыдай келісімшарт ұсынуға дайын.

Айта кетейік, Рамостың «Реалмен» келісімшарты 2021 жылы жазда аяқталады. Сол себебті ол келісімшарттың аяқталуына алты ай қалғанда өзге клубтармен келіссөз жүргізуге құқылы.