Әлемнің үздік велошабандоздары Испанияға жиналды

Мұнда бірнеше күннен бері «Вуэльта Каталония» жарысы өтіп жатыр. 4-кезең қорытындысы бойынша «Астана» спортшылары үздіктер қатарына іліге алмады.

Ең тәуір көрсеткіш Оскар Родригесте. Ол мәре сызығын жиырма алтыншы болып кесті. Артынша 27-ші болып тағы бір «астаналық» Луис Леон Санчес жетті. Кезең жеңімпазы колумбиялық Эстебан Чавес атанды. Жалпы есепте британиялық Адам Йейтс көш бастап келеді. Қазақстандық клуб мүшелерінен Оскар Родригес 25, Луис Леон Санчес 31, ал Мерхави Кудус 56-сатыларда. Алда әлі 3 кезең бар. «Вуэльта Каталония» жарысының жалпы қорытындысы 29 наурызда белгілі болады.

Михаил Кукушкин екінші айналымға шықты. Дәл қазір Майамиде теннисшілердің ашық чемпионаты өтіп жатыр. Жерлестеріміз арасынан Кукушкин ғана жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ол алғашқы айналымда британдық Джек Дрейперді жеңді. Кукушкин бірінші кезеңде 7:5 есебімен басым түсті. Одан кейін қарсыласы кордқа шықпай қойды. Енді қазақстандық спортшы ресейлік Аслан Карацевпен кездеседі. Ал Зарина Диас екінші айналымда жеңіліп қалды. Бұл жолы Зарина швейцариялық Белинда Бенчичпен жолыққан еді. Бенчич әлемдік рейтингтің 12-сатысында тұр. Ал Зарина 89-орында. Соған қарамастан тегеурінді қарсылық танытты. Жұптық бәсекеде бағын сынап жатқан жерлестеріміз де, атап айтқанда, Александр Бублик пен Елена Рыбакина да жарыс жолынан шығып қалды.

Данияр Елеусінов келесі кезедсуін әлемнің үздік боксшыларының бірімен өткізеді. Ол бұрынғы чемпион да болуы мүмкін. Бұл жөнінде жерлесіміздің менеджері Зия Алиев мәлімдеді. Айтуынша, қазір бірнеше бағытта келіссөз жүріп жатыр және бірер күнде нақты ақпарат шығады. Бұның алында Данияр литвалық Эгидиюс Каваляускаспен, американдық Верджил Ортиспен немесе ресейлік Давид Аванесянмен  жолығуы мүмкін деген болжамдар айтылған еді. Айта кетейік, Данияр ең соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қарашасында шықты. Намибиялық Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы IBF Intercontinental  белдігін иемденді.

Сондай-ақ...