Майами турнирі: Зарина Диас үшінші кезеңге шыға алмады

Теннистен Майамидегі WTA 1000 санатындағы турнир жалғасын табуда.

Өкінішке қарай, қазақстандық Зарина Диас екінші кезеңде жеңілді, деп хабарлады Olympic.kz.

Әлемдік рейтингте 89-орында тұрған Зарина екінші айналымда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Кездесуде екі сет қорытындысы бойынша WTA рейтингінде 12-орындағы Бенчич жеңіске жетті.

Есеп - 6:1, 6:2. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылған. Айта кетелік, Майами турнирінің бірінші кезеңінде Диас әйгілі Винус Уильямсты жеңген болатын.