433,32 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иван Дычко АҚШ-та шаршы алаңға қайта оралады

  • 134
  • UPD: 16:52, 26.03.2021
Иван Дычко АҚШ-та шаршы алаңға қайта оралады

Қазақстандық аса ірі салмақта өнер көрсететін Иван Дычко (9-0, 9 КО) қазіргі уақытта АҚШ-та екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралуға дайындалуда.

Бұл туралы Vesti.kz  боксшының менеджері Зия Алиевке сілтеме жасап хабарлады.

Олимпиада ойындарының жүлдегері Дычконың кәсіпқой рингтегі мансабы 2017 жылдың қыркүйегінде басталған. Ол барлық кездесуін АҚШ-та өткізіп, барлығын да мерзімінен бұрын аяқтап отырды. Соңғы уақыттарды ол промоутерін ауыстыруға тырысқан еді. Алиевтің сөзіне сенсек, Дычконың жанкүйерлерін алдағы уақытта жақсы жаңалықтар күтуде. 

«Санаулы күндерден кейін мен промоутердің кім екенін айтамын. Иван қазір қызу дайындық үстінде. Ол көптеген спаррингтер өткізді. Top Rank жұлдыздары саналатын Карлос Негрон (22-3, 18 КО), Кассиус Чейни (20-0, 14 КО), Джермэйн Франклин (20-0, 13 КО) және Джаред Андерсон (8-0, 8 КО) сияқты боксшылармен спаррингтерге шықты. Сондықтан Иванда бәрі жақсы. Спаррингтер жалғасуда. Жақын күндері жақсы жаңалық та болып қалады», - деді Алиев өз сөзінде.

Біраз уақыт бұрын қазақстандық боксшының менеджері Дычкоға қызығып отырған бірнеше атақты промоутердің бар екенін айтқан болатын. Одан бөлек 2021 жылғы алғашқы кездесуі осы уақытқа дейін өтіп те қоюы керек еді. 2021 жылдың бірінші жартысында боксшы екі кездесу өткізеді деп жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы