Футболдан Франция құрамасы елордаға ұшып келді

Нұр-Сұлтанның халықаралық әуежайына чартерлік рейспен футболдан француз құрамасы келіп қонды.

Айта кетейік, жексенбі күні Қазақстанның ұлттық құрамасы елорданың «Астана-Арена» стадионында жұлдызды қонақтарды қабылдайды.

Өз кумирлерін көру үшін әуежайға көптеген қазақстандық жанкүйерлері келді. Олар Франция құрамасын қарсы алуға келген. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты фотоға түсуге және автограф алу мүмкін болмады.