430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Grand Slam: Тбилисиде төрт қазақстандық татамиге шығады

  • 141
  • UPD: 13:40, 27.03.2021
Grand Slam: Тбилисиде төрт қазақстандық татамиге шығады

Бүгін, 27 наурыз күні Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының екінші күні өтеді.

Olympic.kz кезекті жарыс күнінде татамиге шығатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынды. Қазақстан құрамасынан төрт татами шебері бақ сынайды. 

Ерлер арасында 73, 81 келіге дейінгі салмақта, ал әйелдер 63, 70 келіге дейінгі салмақта күреседі.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары:

73 келі: Данияр Шамшаев – Хильберто Кардосо (Мексика)

81 келі: Дидар Хамза – Аристас Микаэл (Кипр)

Руслан Мұсаев – Келл Берлинер (США)

70 келі: Жанар Қашқын – Эбони Дэйли (Ямайка).

Хабар 24 телеарнасы