Франция құрамасы Astana Arena стадионында соңғы дайындығын пысықтады

«Астана Арена» алаңына әлем чемпиондары шығып, соңғы дайындықтарын пысықтады. Франция құрамасының ойыншылары жексенбіде Қазақстанмен кездеседі.

Дәл қазір Дидье Дешам шәкірттері дүние жүзінің мықты командасы саналады. Алайда 2022 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу турнирін сәтсіз бастап, Украинамен ұпай бөлісті. Сондықтан Қазақстаннан жеңіспен қайтуды көздейді. Бас бапкер ұлттық құрама мықтыларын түгел әкелді. Олардың арасында әлемдегі ең қымбат футболшы Киллиан Мбаппе де бар.

Ал Қазақстан сапында Бақтиер Зайнутдинов алаңға шықпайды. Ойыншының ескі жарақаты сыр беріпті. Қазақстан мен Франция арасындағы доп додасы жексенбі күні кешкі жетіде басталады.