«Тобыл» сапына сербиялық шабуылшы қосылды

Қостанайлық «Тобыл» сербиялық шабуылшы Неманья Николичпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz

Сербиялық шабуылшы осы маусымның соңына дейін сары-жасылдардың намысын қорғайды.
Неманья Николич 1992 жылы 19 қазанда Сербияның Кралево қаласында дүниеге келген. Ол Черногорияның «Грбаль» футбол командасының тәрбиеленушісі.

«Тобылға» дейін Неманья Сауд Премьер-лигасында «Аль-Раид» сапында өнер көрсетті.