Стенд атудан Қазақстан командасы әлем кубогінен екі медаль жеңіп алды

Стенд атудан Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар тағы екі жүлде жеңіп алды.

Бұл жолы команда мүшелері trap жаттығуынан үздік үштікке енді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы командалық сында Мария Дмитриенко, Сәрсенкүл Рысбекова және Айжан Досмағамбетова үштігі күміс жүлдегер атанды. Олар финалда Үндістан командасына есе жіберді.

Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Виктор Хасянов, Андрей Могилевский және Максим Коломоец қола жүлдеге қол жеткізді. Олар үшінші орын үшін таласта Катар құрамасынан басым түскен.