Қазақстан - Франция: алғашқы тайм қалай өтуде

Дәл осы сағатта Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы кездесудің алғашқы таймы өтіп жатыр.

«Астана-аренадағы» матчта қонақтардың басымдығы айқын сезіледі. Алайда әлем чемпиондары Қазақстан қақпасынан саңлау таба алар емес. Қазір алғашқы тайм бел ортасына жақындады. Талғат Байсуфиновтен тәлім алатын біздің футболшылар әзірге қорғанысқа көңіл бөліп, гол жібермеудің қамымен жүр. Реті келсе, қарымта шабуыл да ұйымдастыруға тырысып жатыр. Бірақ сапында кілең мықтылар ойнайтын Франция құрамасы өз қақпасына жақындатар емес. Бірінші таймның 15-минутынан кейін есеп ашылған жоқ.