Елордада өткен Қазақстан және Франция кездесуі аяқталды.
19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасынан саңылау тапты. Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды.
Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.