Бес мың адам Нидерланд-Латвия кездесуін көруге стадионға барды

Амстердамда, Нидерланд пен Латвия арасындағы әлем чемпионатының іріктеу матчын бес мың жанкүйер тамашалады.

Пандемия кезінде топ болып ойын тамашалау мұң болған еді. Енді стадион есігі ептеп ашыла бастады. Көрерменнің бәрі  коронавирусты  анықтайтын тест тапсырған екен. Және өкілетті мамандар бес мың кісіні бір күнде тексеріп үлгірді. Мұнда да бір саясат жатыр. Ұлттық федерация қауіпті вирус жұқтырмаған жанкүйерлерді жинай алатынын және олардың қоғамға қауіпсіз екенін дәлелдегісі келді. Өйткені биыл Еуропа чемпионаты өтеді.

«ПТР арқылы індеттен ада жандарды стадионға кіргізу мүмкін екенін байқатты»,- дейді матчты тамашалағандар.

Джойс, жанкүйер:

- Әрине бүгін біз үшін керемет күн болды! Топ болып, футбол көрмегелі қашан. Қиқуды сезінуді ұмытып та қалған сияқтымыз. Жанкүйер қадірін енді білдік. Қатар отырып футбол көргенге не жетсін.