Рыбакина Майамидегі турнирден шығып қалды

Рыбакина Майамидегі турнирден шығып қалды

Елена Рыбакина Майами WTA турнирінде жеңілді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Испания өкілі Сара Соррибес-Тормомен кездескен болатын. Бірінші партияда ойын тізгінін қолына алған испандық теннисші айқын басымдық көрсетіп, есепті 6:1-ге жеткізді.

Екінші сетте де Соррибес-Тормо қарқынан таймады. Дегенмен, көп ұзамай жерлесіміз таразы басын теңестірді.

Ал үшінші, шешуші партияда қарсыластар брейк алмасумен болды. 2 сағат 28 минутқа созылған тартысты бәсеке осылайша Испания спортшысының пайдасына шешілді. 

Әзірге «Майами мастерс» додасында Қазақстаннан Александр Бублик қалды. Ол үшінші айналымда австралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасады.