France Football әлем чемпионына қарсы ойындағы Қазақстанның ең мықты футболшысын атады

Францияның France Football басылымы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстан – Франция матчына қатысушылардың ойынына баға берді, деп хабарлайды vesti.kz.

Алаң иелерінің қақпашысы Александр Мокин ең жоғары баға алды, ал франциялық командадан бірінші гол авторы Усман Дембеле жоғары бағаланды.

Еске салайық, 31 наурыз Қазақстан Украинамен, ал Франция командасы Босния және Герцеговинамен ойнайды.