433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда дзюдодан V жастар спорттық ойындары өтеді

  • 99
  • UPD: 14:43, 29.03.2021
Оралда дзюдодан V жастар спорттық ойындары өтеді

Оралда дзюдодан Қазақстанның V жастар ойындары өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Республикалық додаға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан жас балуандар қатысады. Аталған бәсекеде 2001-2002 жылғы жастар өзара бақ сынайды.

Жарыс бағдарламасы:

30 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы

Ұлдар: -60 кг, -66 кг, - 73 кг;

Қыздар: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг;

31 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы

Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Қыздар: -70 кг, -78 кг, +78 кг.

Айта кетерлігі, жарыс санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, көрермендерсіз өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы