Футболдан Қазақстан құрамасы Киевке ұшып келді

Украинаның халықаралық әуежайы спортшыларды қазақ тілінде хабарлама жасап, құрметпен күтіп алды.

Киевте тұрып жатқан Қазақстан студенттері де әуежайда жиналып, футболшыларды «Қазақстан, алға» деген ұранмен және желбіреген көк тумен қарсы алды.

Атап өту керек, футболдан Қазақстан Құрама командасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кездесуін осы жолы Украинамен өткізетін болады. Ойын 31 наурыз күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45 те өтеді.

Еске салып өтейік, Киев қаласы қауіпті қызыл аймақта, 9 сәуірге дейін қатаң карантин жарияланған. Сондықтан Қазақстан мен Украина футболистерінің кездесуі көрерменсіз ұйымдастырылмақ. Дей тұрғанмен, елшілік өкілдері Украинада білім алып жатқан қазақ студенттері және диаспора ел футболшыларына жанкүйер боламыз деп жоспарлап отыр.