Дастин Порье МакГрегормен болатын үшінші жекпе-жектің күнін атады

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы американдық Дастин Порье жанкүйерлерге Конор МакГрегормен жекпе-жектің болжамды күнін жариялады.

Порье өзінің Твиттер-аккаунтында «10 шілде» деген хабарлама жариялады, деп жазды prosports.kz.

Бұл Порье мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы келесі жекпе-жектің күні деп болжануда.

Бұған дейін жекпе-жек командалары үшінші жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Порье мен МакГрегор соңғы рет 2021 жылдың қаңтарында жекпе-жек өткізді. Жеңіс американдық спортшыға бұйырды. Ол қарсыласын нокаутқа жіберді.

Олардың алғашқы жекпе-жегі 2014 жылы өтті. Ол кезде МакГрегор Порьені нокаутқа жіберді.

32 жастағы Дастин Порьенің 27 жеңісі мен 6 жеңілісі бар. МакГрегордың еншісінде 22 жеңіс пен 5 жеңіліс бар.