Қазақстанға қарсы матчқа шығатын Украина құрамасы белгілі болды

Украина құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстанға қарсы матчқа құрамын жариялады.  

Матч 31 наурызда өтеді, деп хабарлады prosports.kz.

Қақпашылар: Андрей Пятов, Анатолий Трубин (екеуі де «Шахтер» Донецк), Георгий Бущан («Динамо» Киев), Дмитрий Резник («Ворскла»), Андрей Лунин («Реал» Мадрид).

Қорғаушылар: Илья Забарный, Александр Сирота, Александр Тимчик, Александр Караваев (бәрі «Динамо» Киев), Ефим Конопля («Десна»), Сергей Кривцов, Николай Матвиенко (екеуі де «Шахтер» Донецк), Эдуард Соболь («Брюгге»), Богдан Михайличенко («Андерлехт»).

Жартылай қорғаушылар: Александр Зинченко («Манчестер Сити»), Евгений Макаренко («Кортрейк»), Марлос, Евгений Коноплянка (екеуі де «Шахтер» Донецк), Владимир Шепелев, Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко (бәрі «Динамо» Киев) Александр Зубков («Ференцварош»), Руслан Малиновский, Виктор Коваленко («Аталанта»).

Шабуылшылар: Роман Яремчук («Гент»), Артем Довбик («Днепр-1»), Жуниор Мораес («Шахтер» Донецк).

Футболдан Қазақстан құрамасы Киевке ұшып барды