433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиадада бақ сынайтын барлық футбол құрамалары анықталды

  • 84
  • UPD: 13:14, 30.03.2021
Олимпиадада бақ сынайтын барлық футбол құрамалары анықталды Спорт-Экспресс

Токио олимпиадасының футбол турнирінде бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Дүбірлі додада барлығы 16 құрама жасыл алаңға шығады. Олардың арасында Еуропадан – Франция, Германия, Испания, Румыния; Азиядан – Австралия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы; Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина; Солтүстік Америкадан – Мексика мен Гондурас; Африкадан – Египет, Кот-д'Ивуар; Оңтүстік Африка, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия қатысады.

Сондай-ақ олардың қатарына айтулы аламанды өткізетін ел ретінде Жапония құрамасы қосылады.

Хабар 24 телеарнасы