Ресми: Серхио Агуэро «Манчестер Ситиден» кетеді

«Манчестер Сити» футбол клубының шабуылшысы Серхио Агуэро биыл жазда командадан кетеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы аргентиналық ойыншы ресми мәлімдеді.

Айта кетейік, 32 жастағы ойыншы «Сити» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен келісімшарты 2021 жылы маусымда аяқталады.