Андрей Шевченко: Қазақстанмен ойын осал болмайды

Киевте футболдан Қазақстан және Украина құрама командасының матч алдындағы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пресс-брифинг онлайн форматта ұйымдастырылды. Сондай-ақ қос команданың ойын алдындағы жаттығулары стадионда өткізілді.

Украина құрама командасының бас бапкері Андрей Шевченко: «Қазақстанмен ойын осал болмайды, дегенмен, біздің мақсат – жеңіс» деп түйіндейді тренер. Өз кезегінде қазақстандық құраманың бас бапкеры Талғат Байсуфинов таспортшыларға зор сенім артып отыр. Естеріңізге салып өтейік, 31 наурыз күні футболдан Қазақстан құрама командасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кездесуін Киевте Украина Құрама командасымен өткізеді. Карантиннің талабы бойынша ойын көрерменсіз ұйымдастырылмақ. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады.

Рымбек Ізғали, футбол ойындарының сарапшысы:

- Украинадан танымал ойыншылар көп шыққан. Тіпті осы бапкердің өзі Шевченко алтын доп иегері, Чемпиондар лигасын бірнеше рет ұтып алған. Өте көп гол салған, аты аңызға айналған ойыншылардың бірі бапкердің өзі осындай. Зинченко бар. Зинченко қазір «Манчестер Ситидің» ең негізгі ойыншысы, қорғаушысы, Валиновский бар, талантты, соңғы жылдары керемет ойнап жүр. Сол сияқты ойыншылар көп. Бірақ алаңда атақ ойнамайды, ол жерде адамдар ойнайды.

Сондай-ақ...