Бүгін Қазақстан құрамасы Украинаға қарсы ойнайды

Бүгін Киевтегі олимпиадалық стадионда Украина Қазақстан арасындағы әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойынға дейін екі команданың бапкерлері онлайн маслихат өткізді. Андрей Шевченко осы матчта аса сақтықпен қарайтыны белгілі. Себебі бұл Украина құрама командасының тоғыз күннің ішіндегі үшінші матчы. Оның үстіне негізгі құрамдағы бірнеше жігіт жарақатына байланысты осы жолғы ойынға қатыспайды. Атап айтсақ, Цыганков, Ярмоленко сияқты ойыншылардың қатарына енді Евгений Конопленка қосылды. Сондықтан негізгі ойынды үйлестіруші Малиновский болып тұр. Дегенмен, Украина сапында екі бразиялық өнер көрсетеді. Финляндямен болған матчта соның бірі – Морайэс есеп ашқан еді. Десе де, Шевченко Қазақстанды шын мәнінде мықты қарсылас санайды. Қазақстан футбол ойнауды үйренген. Әсіресе, Франциямен болған матчтағы 15 минуты кез келген маманды ойландырады деді. Есте болса, сол кезде Қазақстан допты біршама ұстаған. Қазір біздің жігіттер ойынға тас-түйін дайын. Бастысы, бас бапкер Байсуфинов өзі шақырған ойыншылардың кез келгеніне сенім арта алады.

Александр Мокин, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы:

- Украина командасы тәжірибелі спортшылардан құралған. Сондықтан барынша қайрат көрсетіп, намысты қолдан бермеуге тырысамыз. Өз басым ойын өте тартысты өтеріне сенемін.

***

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Щучинскіде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Ақтөбе облысы көш бастады. Екінші орынды Шымкент құрамасы иеленсе, елордалық балуандар үздік үштікті түйіндеді.

***

Бублик ширек финалға шықты

Александр Бублик «Мастерс» турнирінің ширек финалына шықты. Майами чемпионатының төртінші айналымында Бублик АҚШ-тың екінші ракеткасы Тейлор Фритцы жеңді. Үш сетте есеп: 6:7, 6:3 және 6:4. Енді жартылай финал жолдамасын қазақстандық теннисші Италия өкілі Янник Синнермен сарапқа салады. Қарсыластар екі апта бұрын ғана Дубайда кездескен еді. Ол кезде Синнер біздің спортшыдан басым түсті.

***

Елордада бокс орталығы ашылды

Еліміздегі бокс орталықтарының саны тағы біреуге артты. Елорданың қақ төрінен жаңа жаттығу залы ашылды. Құзырлы министрлік пен бокс федерациясы осы арқылы қаладағы инфрақұрылым тапшылығын жоймақ. Аумағы шамамен 300 шаршы метрді алып жатқан зал Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығының қарамағына берілді. Яғни, еліміздегі ең білікті бапкерлері осы жерде балалар мен жасөспірімдерді дайындайды. Айта кетейік, өтен аптада ғана елордада тағы бір бокс орталығы пайдалануға берілді.

Марат Мықтыбеков, ҚР Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі:

- Осы Астана қаласынан ұсыныс түскен болатын. Спорттық зал жетіспей жатыр дегеннен кейін сұрақты шұғыл қарастырып, бір айдың ішінде шештік. Үлкен бокс кешені бар. Бірақ ол жерде жаттығу жиындары болып тұрады. Сол кезде қабаттасып қалмасын деп жаңа зал ашып бердік.