430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналдо әлем чемпионатындағы шаш үлгісі үшін аналардан кешірім сұрады

  • 121
  • UPD: 12:33, 31.03.2021
Роналдо әлем чемпионатындағы шаш үлгісі үшін аналардан кешірім сұрады Фото © Twitter / beIN SPORTS USA

Бразилиялық футболшы Роналдо 2020 жылғы әлем чемпионатындағы шаш үлгісі үшін жанкүйерлерінің аналарынан кешірім сұрады.

Бұл туралы Sports Illustrated хабарлады.

Аяқдоп шебері жартылай финал алдында шашын тақырлап алып тастап, кекілін ғана қалдырған күйде алаңға шыққан болатын. Мұндай шаш үлгісі БАҚ беттерінде қызу талқыланса, ал жанкүйерлері жаппай футболшының әрекетін қайталауға кірісті. Осылайша бұл әлемдегі ең танымал шаш үлгісіне айналып кетті.   

«Дәл осындай шаш үлгісін жасатқан балалардың аналарынан кешірім сұраймын», – деді ол сұхбат барысында.

Бірақ Роналдоның бұл әрекетінің астарында басқа мән жатыр еді. Кездесулердің бірінде аяғынан жарақат алып қалған бразилиялық көпшіліктің назарын осылайша аудартпақ болған және діттеген мақсатына жетті де.

Хабар 24 телеарнасы