Елордада бокс орталығы ашылды

Еліміздегі бокс орталықтарының саны тағы біреуге артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорданың қақ төрінен жаңа жаттығу залы ашылды. Құзырлы министрлік пен бокс федерациясы осы арқылы қаладағы инфрақұрылым тапшылығын жоймақ. Аумағы шамамен 300 шаршы метрді алып жатқан зал Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығының қарамағына берілді. Яғни, еліміздегі ең білікті бапкерлер осы жерде балалар мен жасөспірімдерді дайындайды.

Айта кетейік, өткен аптада ғана елордада тағы бір бокс орталығының тұсауы кесілген болатын.

Марат Мықтыбеков, ҚР Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі:

- Нұр-Сұлтан қаласынан ұсыныс түскен болатын. Спорттық зал жетіспей жатыр дегеннен кейін сұрақты шұғыл қарастырып, бір айдың ішінде шештік. Үлкен бокс кешені бар. Бірақ ол жерде жаттығу жиындары болып тұрады. Сол кезде қабаттасып қалмасын деп жаңа зал ашып бердік.