Ақтаулық өрт сөндірушілер қызметтік киіммен футбол ойнады 

Ақтауда өрт сөндіру қызметінің мамандары футбол ойнады.

Жолдастық кездесудің ерекшелігі – мамандар алаңда қызметтік киім киіп, демалу аппаратын пайдаланған. Ал оның жалпы салмағы 20 келіден асады. Әлеуметтік желіде жарияланған дерекке сүйенсек, бұл – арнайы тапсырма алдындағы дене қыздыру жаттығулары. Себебі бір матч бірнеше шақырым жүгіргенмен тең. Тіпті, 9 қабатты тұрғын үйге бірнеше рет көтеріліп шығумен пара-пар дейді мамандар.