Қазақстандық балуан Олимпиадаға жолдама ұтып алу үшін спортқа оралды

Георгий Цурцумия араға он үш жыл салып бозкілемге оралды. Афиндағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 9-11 сәуір аралығында Алматыда өтетін Азия іріктеу турниріне қатысады.

Грек-рим күресінде ауыр салмақта біраз титул жинаған қырық жастағы спортшы соңғы рет ресми жарыстарға 2008 жылы қатысты. Спорттық жолын аяқтаған соң ұлттық құраманың бапкері болды. Енді 130 келі салмақта Олимпиада лицензиясын жеңіп алу үшін үлкен спортқа оралып отыр. Цурцумиядан бөлек лицензиялық турнирде  67 келі салмақта Мейіржан Шермаханбет, 87 келі арасында Нұрсұлтан Тұрсынов  және 97 келі салмақ дәрежесінде Олжас Сырлыбай бақ сынайды.

Сондай-ақ...