Таеквондодан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы жарыс өткізілмейді

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы (World Taekwondo) жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы барлық халықаралық жарыстарды кейінге шегерді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жас спортшыларды коронавирус жұқтырудан сақтау мақсатында осындай шешім қабылданып отыр. Өйткені COVID-19 вирусына қатысты әлемдегі ахуал әлі де тұрақсыз, ал ғаламдық вакциналау үшін біраз уақыт керек. Осылайша таеквондодан G1 және G2 санатындағы турнирлер өткізілмейді. Ал ересектер арасындағы бәсеке наурыз айында басталған болатын.