Қазақстан футболының жетістігі талай тақырыпқа тұздық болды

Қазақстан футболының жетістігі талай тақырыпқа тұздық болды

2022 жылы Катарда өтетін дүниежүзілік доп додасының кезекті іріктеу матчында Украинамен ұпай бөліскен Қазақстан футболшыларының жетістігі талай тақырыпқа тұздық болып жатыр. Тіпті кейбір мамандар Талғат Байсуфинов шәкірттерінің ойын өрнегіне лайықты баға беріпті.

Матч басталмас бұрын әріптестер арасында пікірталас жүрді. Әріптес дегенде Украинадағы спорт тілшілерін айтамыз. Олар Андрей Шевченко командасы енді ұпай жоғалтпайды дегенді тілге тиек етті. Біздің де өз білгеніміз бар еді. Тоғыз күнде үш рет алаңға шығу Александр Зинченко мен Роман Малиновскийге оңай соқпайтынын айттық. Франция мен Финляндиядан кейін алаң иелері сілейіп қалмаса да дүр сілкінуі қиын еді. Солай болды да. Андрей Шевченко Сен Денидегі «Стад де Францта» жасындай жарқылдаған Сергей Сидорчук пен Николай Шапаренконы және Сергей Кривцовты негізгі құрамға қосты. Оларға қарағанда Александр Караваев қайрат көрсетті. Ал есепті Роман Яремчук ашты. Содан кейін Талғат Байсуфинов өз шәкірттерін ширатып алса керек.

Нұрәлі Әліп, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

Үзіліс кезінде өзін жайсыз сезінген Асқат Тағыбергеннің орнына Рамазан Оразовты шығарды. Оң қанаттың босаң тартқанын сезген бапкер Марат Быстровты сынға салды, ал Айбол Әбікенді Ян Вороговский алмастырды. Қазақстан футболшыларының бірте-бірте бауыры жазылып, Ян Вороговский мен Азат Нұрғалиев ұйымдастырған шабуылды Серікжан Мұжықов түйіндеді.

Азат Нұрғалиев, Қазақстан құрамасының капитаны:

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Маруаұлы бірнеше негізгі ойыншылардың жарақат алуы команданың кең көсіліп ойнауына тұсау болды деді. Дей тұрғанмен, жалындаған жастардың талабына риза екенін де жасырған жоқ. Енді сындарға тас-түйін дайындықпен келетінен де айтты. 

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Екі бірдей азулы қарсыласпен ойнаған Қазақстан футболшылары оңай шағылар жаңғақ еместігін дәлелдеді. Енді шеберлігін шыңдай түседі деген сенімдеміз.

Автор: Аманкелді Сейтханов