430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сарыарқа» клубының бас бапкері ойыннан шеттетілді

  • 83
  • UPD: 10:23, 02.04.2021
«Сарыарқа» клубының бас бапкері ойыннан шеттетілді

Қарағандылық «Сарыарқа» командасының бас жаттықтырушысы Леонид Тамбиев алдағы ойыннан шеттетіліп, айыппұл арқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осындай жазаға елордалық «Номад» клубының бапкері Александр Высоций де ілікті. Қазақстан хоккей федерациясының мұндай шешім қабылдауына жартылай финал матчындағы оқиға себеп болды. Жеңіске жеткен «Сарыарқа» командасының тәлімгері ойыннан соң қарсыластардың шамына тиетін қылық жасаған. Ал бұдан кейін қос клубтың бапкерлері трибунада жанжалдасып қалады.

Ертең екі команда да елордада плей-офф кезеңінің ойындарын жалғастырады. Әзірге финалға шығуға Леонид Тамбиев шәкірттерінің мүмкіндігі молырақ.

Хабар 24 телеарнасы