Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі екінші қарсыласы анықталды

Қазақсандық файтер Шавкат Рахмонов (13-0) UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегін 26 маусымда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның келесі қарсыласы бразилиялық Мишел Празерис болады. 

Еске салайық, Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін былтыр қазанда UFC 254 турнирінде өткізген. Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өткен ивенттің басты айқасында Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи жұдырықтасқан еді. Шавкат ол кезде бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта берілуге мәжбүр еткен.