430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Grand Slam Antalya: қазақстандық екі дзюдошы ширек финалдық жолдама үшін күреседі

  • 104
  • UPD: 16:39, 02.04.2021
Grand Slam Antalya: қазақстандық екі дзюдошы ширек финалдық жолдама үшін күреседі Егемен Қазақстан

Антальяда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынады. 

Жарыстың екінші күнінде ерлер 73 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, әйелдер 63 және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтап жатыр. 

Бүгін Қазақстан сапынан жарыс жолына барлығы төрт дзюдошы шықты. 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин Люксембург спортшысы Клаудио Нунес Дос Сантосты, одан кейін румыниялық Александру Райкуды иппон ұпайымен жеңді. Оның келесі қарсыласы бельгиялық Жорен Кассе болмақ. 

Дәл осы салмақта Жанболат Бағытбергенов шширек финалдық жолдама үшін тәжірибелі швед балуаны Томас Масиаспен кездеседі. Жанболат бірінші айналымда Буркина-Фасо дзюдошысы Диалло Лукасты, екінші белдесуде венгриялық Миклос Унгвариді жеңді. 

Ал 81 келіде татамиге шыққан Мәди Амангелді кипрлік Аристос Майклды иппон ұпайымен уақытынан бұрын жеңді. Өкінішке қарай, осы салмақта белдескен екінші қазақстандық балуан Абылайхан Жұбаназар польшалық Степиян Дамянға есе жіберді. 

Хабар 24 телеарнасы