Жанқош Тұраров жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан жоқ

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) ұлыбританиялық Тайрон Маккенамен өтетін жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан жоқ, деп хабарлады Prosports.kz.

Боксшы салмақ қуу үшін қосымша уақыт сұраған. Ал Маккена таразыда 63,3 келі көрсетіп, лимиттен аспады. 

Тұраров пен Маккена жекпе-жегі ертең Caesars Palace аренасында өтеді. Боксшылар бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын сарапқа салады. Қазіргі уақытта ол Тұраровқа тиесілі.