Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Olympic.kz. 

Бүгін, 2 сәуір күні AIBA президенті Умар Кремлёв 2023 жылғы әлем чемпионатының Ташкентте өтетінін мәлімдеді. 

«Мықты боксшылар мен чемпиондар шоғырланған Өзбекстанды 2023 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таныстыратыныма қуаныштымын. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жанкүйерлер ықыласына бөленген және тартысты жекпе-жектер өтеді деп сенемін», - деді ол Өзбекстанға сапарында.