430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама жауапты сынға дайындықты бастады

  • 111
  • UPD: 23:38, 02.04.2021
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама жауапты сынға дайындықты бастады

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасы құрлықтық лицензиялық турнир мен Азия чемпионатына қызу дайындықты бастады.

Маңызды жарыс алдында ұлттық құрама «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында шеберлігін шыңдауда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Еркін күрес балуандарының оқу-жаттығу жиындары 31 наурыз күні басталған. Аталған жаттығу жиыны құрлықтық додаға дайындықтың екінші кезеңі болып табылады. Алматы облысында өткізіліп жатқан жиынға қатысуға барлығы 23 балуан шақырту алған.

Олар Дәулет Теміржанов, Адлан Аскаров, Сырбаз Талғат, Дәулет Ниязбеков, Нұрқожа Қайпанов, Ғалымжан Өсербаев, Эльхан Асадов, Әлішер Ерғали, Олег Болтин, Жавохир Иристаев, Саламат Маликов, Мейіржан Аширов, Есқали Дәулетқазы, Ералы Әбдірашев, Рүстем Мырзағалиев, Еламан Қадірсейіт, Санжар Дожанов, Қуаныш Жұмаш, Владислав Миколайчук, Азамат Дәулетбеков, Юсуп Батырмурзаев, Серік Бахытханов, Данияр Қайсанов. 

Ұлттық құраманы жауапты сынға бас бапкер Әсет Серікбаев баптап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы