429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда балалар футболын дамыту қолға алынды

  • 107
  • UPD: 10:56, 04.04.2021

Павлодарда балалар футболын кәсіби тұрғыда қолдауға баса назар аударылды. Мәселен, спорт мектептері мен футбол орталықтарының материалдық-техникалық базасы және жаттықтырушы құрамның сапасына көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жаңа тұжырымдама шеңберінде атқарылуда.

12 жасар Айдана алғашқы жаттығуға ағасымен екі жыл бұрын келген. Сол сәттен бері теңбіл доппен қоштаспайды.

Айдана Байжанова, тәрбиеленуші:

- Футбол командалық ойын. Әрдайым қолдау бар. Сонысымен ерекше әрі қызықты. Жаттығуларды босатпауға тырысамын.

«Жұлдыз» футбол орталығында 500-ге жуық бала жаттығады. Қазіргі уақытта 10-11 және 7 жастағы балалар арасында іріктеу жүргізілуде. Бас аяғы 60 ұл-қыз қабылданады деп күтілуде. Теңбіл допқа қызығушылық танытқан қыздардың саны жыл сайын артып келеді.

Жансая Адуова, тәрбиеленуші:

- Мен бір жылдан кішкене көп айналысамын. Футбол маған өте ұнайды. Өйткені ол командалық ойын. Өзім барғым келді. Ата-анам осы клубты тауып алып әкелді. 

Юлия Ширяева, жаттықтырушы:

- Ұл-қыздардың құлшынысы бар. Білгенімізбен бөлісуге тырысамыз. Кішкентай спортшыларымыз Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде. 

Мамандардың айтуынша, жеткіншектерді спорттық инфрақұрылыммен қамтуда мәселе жоқ. Сәйкесінше жеткіншектер республика дейгейінде үздік командалардың қатарында. Бұған қоса спорт қалашығында тағы бір манеж салынды. Жас спортшылар жыл бойы үздіксіз жаттығу мүмкіндігіне ие. 

Әмір Шаяхметов, тәрбиеленуші:

- Менің ағам боксшы болған, сосын маған «спортпен айналыс» деген. Сосын футболға бардым. Қазір турнирлерге дайындалып жатырмын. Маған Исламхан ұнайды, сосын Вандерсон қорғаушы ұнайды. Солар сияқты оайнағым келеді.   

«Ертіс» футбол клубының ыдырауынан кейін ардагерлер «жас жұлдыз» тәрбиесіне басымдық берген. Ал үнемделген қаражат спорт түрін дамытуға жұмсалуда. Бүгінгі жастар ертеңгі кәсіби футболшылардың ізін басатын спортшылар, дейді олар. 

Ойрат Садуов, «Жұлдыз» футбол орталығының директоры, спорт ардагері

-  Балалар футболы қарқынды дамып келеді. Спорт трүрін дамытуға мүмкіндік зор. «Жұлдыз» орталығы мамандандырылған. Балалар қызығып келгенде іріктеуге тура келеді. Себебі бұл кәсіби спорт. Бұрын шеберлер мен премьер-лига командасына ойыншыларды даярласақ, қазіргі таңда бірінші лигадағы екі командамыз бар. Барлығы біздің шәкірттеріміз. 

Рахметолла Қасқырбаев, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасының басшысы:

- Мектептеріміздің материалдық базасы талапқа сай. Сондықтан футболды таңдаған балалар саны көбеюде. Спорт түрін дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Біздің балалар Қазақстан чемпионаттарында әрдайым жеңімпаздар қатарында. Бұл балалар шеберлер, бірінші, екінші лига командалары ойыншыларының қатарын толықтыруда. Спорт жүйелі дамуда. 

Айта кетейік, жаңа тұжырымдама шеңберінде келесі жылы облыс орталығында әмбебап футбол манежі салынбақ. Жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын жоба кәсіби футболдың дамуына сеп болмақ. Сонымен қатар спорттық нысандардың саны артады.

Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков, Жеңіс Темірболат

Хабар 24 телеарнасы