Бундеслига: «Айнтрахт» командасы «Боруссиядан» басым түсті

Неміс бундеслигасының 27-турында Адди Хюттер шәкірттері маңызды жеңіске қол жеткізді. Дортмундта жергілікті «Боруссияны» ұту кімге де болса мерей екені белгілі. Ал чемпиондар лигасына берілер жолдамадан үмітті «Айнтрахт» үшін әлгі үш ұпайдың құны ерекше еді. Матчтың он бірінші минутында Нико Шульц, Филип Костич ұсынған пасты баспен Марвин Хитц қорғаған қақпаға бұрды.

Есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Енді алаң иелері шабуылға шықты. Оларға да жеңіс ауадай қажет еді. Сол қажеттілікті сезінген ойыншылардың бірі Матс Хуммельс үзіліске дейін таразы басын теңестірді. Бұрыштан көтерілген допты Эмре Жан кеудесімен Матсқа бұрып берді. Хуммельс, Кевин Трапптың осал тұсын тапты. Есеп 1:1.

Екінші таймда «Айнтрахт» жақсы ойнады. Алпыс бесінші минутта Штефан Ильзанкер тағы да сол Костичтың пасын ұтымды пайдаланған еді. Алайда ВАР-ға жүгінген бас төреші голды есепке алмады. Бірақ Филипп Костич өз дегеніне жетті. Келесі кезекте Андре Силваның басына доп салып берді.

Қорытынды есеп 2:1. Адди Хюттер командасы сырт алаңда жеңіске жетті.

Сондай-ақ...