«Бавария» футболшылары «Лейпцигті» жеңді

«Лейпциг» пен «Бавария» арасындағы ойын да  талайдың көңілінен шықса керек. Бундеслиганың екі мықтысы ел риза болатындай деңгейде өнер көрсетті.

Әсіресе «Лейпцигтің» аяқалысы жақсы еді. Бірақ Мануэль Нойер қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Толассыз шаубылдаса да. «Бавария» допты қарсыласына әдейі бере салды ма, әлде шынымен де жергілікті футболшылар жігер танытты ма, талайға дейін кімнің жеңіске жететінін аңғару қиынға соқты. Тек бірінші таймның соңына таман Леон Горецка есеп ашқанда қонақтардың мерей үстем болатыны байқалды.

«Бавария» 1:0 есебімен басым түсті. Енді Ханс-Дитер Флик шәкірттерін ешкім тоқтата алмайтын шығар. Екінші орында келе жатқан «Лейпцигтің» өзі тұсау сала алмаған мюнхендіктерге енді кімнің шамасы келсін. 27 турдан кейін 63 ұпай жинаған «Бавария» жеке дара көш бастады.

Сондай-ақ...