«Астана» велошабандозы Алексей Луценко гран-приде жүлдегер атанды

«Астана» велокомандасының шабандоздары Мигель Индурайна Гран-приінің жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Movistar Team мүшесі испаниялық Алехандро Вальверде топ жарды. Қазақстандық Алексей Луценко екінші, Леон Санчес үздік үштікті қорытындылады.

Испания. Мигель Индурайн Гран-при. Эстелья. 203,2 км

1. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar Team) 5:10:47

2. Луценко Алексей (Қазақстан, Астана) +0:06

3. Леон Санчес (Испания, Астана) +0:15