Футболдан ұлттық біріншіліктің кезекті матчтары өтеді

Бүгін футболдан ұлттық біріншіліктің кезекті мачтары өтеді. 3-тур аясында «Каспий» мен «Жетісу», «Атырау» мен «Ақтөбе» және «Тұран» мен «Қайсар» кездеседі.

Алғашқылары елорда уақытымен 16:00-де ойнайды. Түркістандағы матч 18:00-де басталады. Қалған матчтар ертең өтеді.

Турнир тізімінің басында тұрған «Қайрат» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Бұған қоса Петропавлда «Қызылжар» мен «Шахтер», ал Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақжайық» жолығады.

Айта кетейік, алғашқы екі турдың нәтижесінде «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» командалары турнир тізімінің үздік үштігін түйіндеп тұр.