Футзалдан Қазақстан құрамасы Будапештте алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Венгриямен ойын алдында Будапештте алғашқы жаттығуын өткізді.

Венгрия - Қазақстан матчы 6 сәуірде өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үш ойында үш рет жеңіске жетіп, өз тобында көш бастап келеді. Рикардо Кака шәкірттері бұған дейін Венгрияны (5:0) ойсырата ұтып, Беларусь құрамасын (5:2, 6:1) екі рет жеңді.

Prosports.kz