423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Хоккей: «Сарыарқа» финалға жолдама алды

  • 232
  • UPD: 10:01, 05.04.2021
Хоккей: «Сарыарқа» финалға жолдама алды

Хоккейден ел біріншілігінде финалға шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағандының «Сарыарқасы» елорадық «Номадпен» кездесіп, 2 де 0 есебімен ұтты. Тартысты өрбіген ойында алғаш болып Вадим Зеленов гол соқты. Александр Высоцкийдің шәкірттері шабуылды үдеткенімен, қарсыластан есе қайтара алмады. Ал матчтың аяқталуына 20 минут қалғанда Сергей Голоднюк ұпайды үстемеледі.

Дәл осы күні Көкшетаудың «Арланы» өз айдынында Өскеменің «Торпедосын» қабылдады. Матч 3 те 1 есебімен ақмолалық хоккейшілердің жеңісімен аяқталды.

 

Футболдан ағылшын чемпионатында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Брайтон» командасынан тізе бүктірді. Есеп 2:1.

62-минутта  Маркус Рэшфорд таразы басын теңестірді. Оның жетістігін араға 20 минут салып Мэйсон Гринвуд қайталады. Осылайша, «Манчестер Юнайтед» тағы бір ұпай еншіледі. Бұдан соң есеп айырмасы ойын біткенше өзгерген жоқ. Қазір Уле Гуннар Судьшер шәкірттерінің қоржынында 60 ұпай бар. Команда турнир кестесінде екінші сатыға шықты. Ал «Брайтон» 32 ұпаймен 16-шы орында келеді. Көш басында 74 ұпай жинаған «Манчестер Сити» тұр.

 

Ал Испания футбол чемпионаты аясында «Севилья» «Атлекикомен» кездесті. Ойын тағдырын бір ғана гол шешті. 70-минутта жартылай қорғаушы Маркос Акунья мергендік танытып, есеп ашты.

«Атлетико» осы жолы шаң қауып қалса да турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда бүгінге дейінгі ойындарда 66 ұпай жинап үлгерді. Турнир кестесінде ізін ала «Реал Мадрид» жайғасты. Ал «Севилья» әзірге төртінші орында.

Хабар 24 телеарнасы