Жеңіл атлетикадан Қазақстанның көктемгі чемпионаты Алматыда өтеді

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтетін мерзім анықталды, деп жазды Olympic.kz. 

Федерацияның мәліметінше, аталған ел біріншілігі мен Қазақстанның көктемгі чемпионаты 21-23 мамыр күндері өтеді. Жарыс Алматыда ұйымдастырылады. Турнирді өткізу барысында барлық санитарлық талап сақталады.