Отандық гимнасттар Болгариядағы турнирде үздік бестікке енді

Болгарияның Софья қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Софьядағы сынға Сабина Бақатова мен Елжана Таниева қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Таниева 83.350 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Сабина Бақатова 83.250 ұпаймен бесінші сатыда. 

Турнирде болгариялық Татьяна Воложанина топ жарды. Күміс жүлдені беларусьтық Екатерани Галкина, қоланы болгариялық Ева Брезалиева иеленді.