Қазақстандық нокаутшының Америкадағы бірінші жекпе-жегі белгіленді

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) Америкадағы алғашқы жекпе-жегінің өтетін күні белгіленді, деп хабарлады Vesti.kz.

Ақпарат бойынша Батыр 29 мамырда Лос-Анджелесте Showtime ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығады. Қазақстандық боксшының қарсыласы – пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО).

Батыр Жүкембаев осыған дейінгі кездесулерінің бәрін Канадада өткізген. Алдағы айқас Америкада өтетін бірінші жекпе-жегі болады. 

Сондай-ақ...