Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесінде жетінші орын алды

Келер аптада Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсекеге біздің бұрымды гимнастшылар да қатысады. Әсіресе, Алина Әділханова мен Адиля Тілекеновадан күтер үміт мол.

Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесінде жетінші орын алды. Біздің спортшы қашықтықты 27,39 секундта бағындырды. Ол алтынға қол жеткізген ресейлік Кирилл Стельниковтен жарты секундқа қалып қойды. Айта кетейік, ашық біріншілік Қазан қаласында өтіп жатыр. Бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде мәреге төртінші келген еді.

***

«Тобыл» – «Астана»: 1:1

Футболдан Қазақстан премьер лигасы аясында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Астана» командасын қабылдады. Бұл жолы қарсыластар бір-бір голды місе тұтты. Алғаш болып есепті «Тобылдың» қорғаушы Сергей Малый ашты. Елордалық аяқдопшылар тек кездесудің соңына қарай ойын тағдырын өзгерте алды. 83 минутта қорғаушы Жарко Томашевич таразы басын теңестірді. Ұлттық біріншілікте топ жарудан үмітті қос қарсылас еншісінде қазір бес-бестен ұпай бар. «Астана» мен «Тобыл» турнир кестесінде тиісінше үшінші және төртінші орында.

***

«Қызылжар» – «Шахтер»: 2:0

Ал Қарағандының «Шахтер» командасы сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарына» есе жіберді. Есеп: 0:2. Андрей Карповичтің шәкірттері бұл ойынға тыңғылықты дайындалған екен. Матч басынан шабуылды үдетті. Алаң иелері сапынан алдымен Дарко Зорич мергенлік танытты. Артынша Шота Григалашвили пенальтиден есепті еселеп, «Қызылжар» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін «Таразбен» ұпай бөліскен петропавлдықтар қазір турнир кестесінің алтыншы сатсында тұр.

***

«Қайрат» «Тараз»: 2:2

Қазақстан чемпионы саналатын «Қайрат» «Таразды» қабылдады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен мачт күтпеген жерден тең аяқталды. Есеп: 2:2. Алексей Шпилевский шәкірттері еш қиындықсыз жеңіске жетеді деп болжанған. Алайда Вардан Минасянның шәкірттері «Қайратқа» қайрат көрсете алды. Тараздық команда алғашқы таймда-ақ қатарына екі гол соғып, алға шықты. Педро Эуженио мен Бауыржан Байтана көзге түскен. Алайда матчтың екінші кезеңінде алматылықтар таразы басын теңестірді. Хосе Канте мен Вагнер Лав өз шеберліктен паш етті. Жеті ұпай жинаған «Қайрат» жеке дара көш бастады.

***

Шведова АҚШ-тағы сында сүрінді

Ярослова Шведова Чарльстон қаласында жалауы желбіреген WTA 500 турнирін сәтсіз бастады. Ол жапон өкілі Мисаки Доидан екі сетте де 6:3 есебімен ұтылды. Қарсыластар кордта жарты сағаттан аса ойнады. Дәл осы күні тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс турнирдің екінші кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 1 сағат 15 минутқа созылған тартыста жерлесіміз ресейлік Наталья Вихлянцеваны екі сетте 6:3 және 6:1 есебімен ұтты.