Испания телеарнасы қазақстандық боксшыны «жыл нокауты» атағына ұсынды

Eurosport телеарнасының испаниялық нұсқасы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) нокаутпен жеңісіне тамсанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дубайда өткен бокс кешінде Құлахмет венесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) 72 нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші нокдаунға түсіріп, кейін бір соққымен сұлатты.

«Жыл нокаутына үміткер. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет – жылдың ең мықты нокаутына үміткерлердің бірі. Құлахмет бір раундта Эбер Рондонды жеңіп, бірінші орта салмақта WBC International титулын қорғап қалды», – делінген Eurosport.es айдарында.