Қазақстан футзал командасы Венгрияны жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы  Еуропа чемпионатына қатысады.

Біздің жігіттер топтық іріктеу кезеңінде сырт алаңда  Венгрияны ұтты. Есеп 6:1. Матч басынан шабуылды үдеткен жерлестеріміз көп ұзамай есеп ашты. Алғашқы голды Шыңғыс Есенаманов өз еншісіне жазды. Сондай-ақ Азат Валиуллин, Тайнан, Дуглас Жуниор, Альберт Ақбалықовтар да мүлт кетпеді. Ал 14-минутта венгриялық Имре Нодь өзінің қақпасына гол соғып алды.