Баландин Ресейдегі жарыста финалға шықты

Дмитрий Баландин  200 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға жолдама алды.

Қазақстандық спортшы берілген тапсырманы 2 минут 8 секундта орындап шықты. Осылайша Баландин жарыстың шешуші кезеңінде үшінші мәрте өнер көрсетеді. Ол  бұған дейін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жетінші, ал 100 метрлік бәсекеде мәреге төртінші келген еді. Ал 200 метрдің үздіктерін анықтау үшін спортшылар бүгін сынға түседі.

Айта кетейік, жүзуден Ресей чемпионаты Қазан қаласында өтіп жатыр.

Сондай-ақ...