«Реал Мадрид» клубы Англияның «Ливерпуль» командасын тізе бүктірді

Испанияның «Реал Мадрид» клубы Англияның «Ливерпуль» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Зинедин Зидан шәкірттерінің қай-қайсысы да осал емес еді.

Десе де, бұл ойында Винисиус Жуниор, Марко Асенсионың шеберлігін айтып өту керек. Қарсыластар да қарап қалмады. 51-минутта «Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салах бір голмен жауап қайырды. Ізін ала жартылай қорғаушы Винисиус Жуниор тағы бір голдың авторы атанды. Енді командалар арасындағы қарымта матч 14 сәуірде өтеді. Ал бүгін жасыл алаңда «Бавария» мен «Пари Сен-Жермен», «Порту» мен «Челси» кездеседі.

UEFA Чемпиондар лигасының алғашқы ойыны «Манчестер Сити»  мен «Боруссия Дортмунд» арасында өтті. Бұл жолы ағылшындар басым түсті. Есеп: 2:1. Алаң иелері сапынан Кевин Де Брёйне мергендік танытты. Артынша неміс футболшысы Марко Ройс таразы басын теңестірді. Кездесу тағдырын 90-минутта манчестерлік Филип Фоден шешті. 

 

Сондай-ақ...